RSS лента

Ата-аналарды қолдау орталықтары ашылды

  • 25.06.2024, 14:05,
  • 191
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Саламатты мектеп» жобасын жүзеге асырды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл жоба еліміздің 2000-нан астам мектебінде қолға алынып отыр. Ол әрбір білім алушының жеке гигиенасын сақтауға байланысты сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ Қазақстанда «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» іске асып жатыр. Бұл шаралар жайында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтып берді. Оның айтуынша, бұл бағдарлама ата-аналар, балалар мен педагогтар арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін жүргізілуде.

 

«Осы бағдарламаның аясында ата-аналарды қолдау орталықтары барлық 7 жарым мың мектептің жанынан ашылды. Бұл орталықтың мақсаты не? Қандай да бір ата-анаға өзіндік бір педагогикалық, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында ашылған. Және де педагогтар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты барынша нығайту», – деді спикер.

 

Жоба бір жыл бұрын іске қосылды. Осы уақытта ол жақсы нәтиже көрсетті. Бұл орталықтарда даналық мектебі, жеңгелер мектебі, аналар мен әелер мектебі жұмыс жасап жатыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости