RSS лента

Біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді

  • 23.02.2024, 18:26,
  • 381
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Биылдан бастап еліміздің Оқу-ағарту министрлігі Біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ол Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама білім беру және жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова ОКҚ алаңында айтты. Оның мәлімдеуінше, Біртұтас тәрбие бағдарламасы өскелең ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиені күшейту мақсатында жасалған. Ол баланың екіжақты, яғни сыртқы және ішкі қауіпсіздігін қаматамасыз етуге бағыттылған.

 

«Баланың ішкі қауіпсіздігін басымырақ таныту, оның ішінде ата-ананың рөлі. Бірінші кезекте тәрбие – ол әр отбасыдан басталады. Әр баланың қауіпсіздігі сол ата-ананың мейірімімен келеді. Міне, осы жағдайға тереңірек бойлай отырып, барлық білім беру мекемелерінде, балабақша, мектеп, колледжде ата-аналармен жұмыс өте қарқынды іске асырылуда. Барлық мектептерде ата-аналарды қолдау орталықтары ашылды. Бұл жерде саналы түрде әр әке, әр ана, әр педагог өзі осы қоғамда жалпы бала үшін не істей аламын, баланың қауіпсіздігіне қандай үлес қосамын деген сияқты үлкен мәселені сезіне алу үшін біз бірқатар жүйелі түрде жоспарларды іске асырудамыз», – деді спикер.

 

Сондай-ақ ведомство өкілі осы бағыттағы негізгі үш құндылыққа тоқталып өтті. Олар: ар-ұят құндылығы, талап құндылығы және ұлттық мүдде. Үш құндылыққа негізделген Біртұтас тәрбие бағдарламасының өзегі - осы.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости