Жаңа 2023-2024 оқу жылында еліміздің мектептерінде 3,9 миллион оқушы білім алады, оның ішінде 364 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады. Балалардың 68,2 %-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.
Қазақстанда 7,7 мың орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мектептерде сапалы дайындық пен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, сынып-кешендерін қалыптастыру қолға алынуда. Бірінші сыныпқа қабылданушы оқушылар әсіресе, Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында көп. Сондай-ақ, балалардың мемлекеттік тілде білім алуы бойынша Шымкент қаласы, Түркістан және Алматы облыстары көш бастайды.
*2021 жылы балалардың 64 %-ы қазақ тілінде білім алуды таңдаған.