RSS лента

Нәжістің арасынан сәби шықты...

  • 19.06.2024, 12:40,
  • 126
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Полиция департаменті шақалаққа екінші өмір сыйлаған полиция майорының естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері – халықтың қорғаны, адамдар құқығы мен бостандығын қорғайтын, қылмысқа қарсы ымырасыз күресте алдыңғы қатарда тұратын жандардың бірі. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың әлемге танылған қара сөздерінде «Адам бол» сөзі жүз жыл өтсе де өзекті болып қала береді. Батыл адамдардың ерлікке пара-пар әрекеті мен жедел қимылының арқасында қаншама адам ажалдан аман қалды. Осындай ерліктің үлгісі болған тәртіп сақшыларының бірі – атыраулық Амангелді Мұқашев.

 

Амангелді ІІО-ғы қызметін 2013 жылы Атырау қаласының полиция басқарамасы тергеу саласында полиция лейтенанты болып бастаған. Қазіргі таңда Жылыой аудандық полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры. 9 жыл бұрын дәретхана ішінен табылған шақалақ сәбиді құтқарып, аман алып қалған полиция қызметкері Амангелдінің құрметіне сәбиге Амангелді есімі берілген еді.

 

- Сол күні кезекшілікте болып, басқару пультіне жергілікті тұрғын үйлердің біріндегі дәретханада жаңа туылған сәби табылғаны туралы хабарлама түсті. Шұғыл түрде жиналып, оқиға орнына келдім. Хабарлама берген жедел-жәрдем медбикесі екен. Қатты шошынғаннан “бала өлді” деп айғайлап жатты. Бірақ дәретханадан шақалақ сәбидің дауысы естіліп, бар ойым баланы аман сау алып шығу болды. Содан дәретхананы қарап шығып, ыңғайлы жағына құлатып, ішіндегі баланы жарақаттап алмау үшін ішіне түсіп, балаға қарай ұмтылдым. Ішіне түскен кезде бала плацентадан ажырамаған күйінде жатыр екен. Солай сәбиді аман алып қалу үшін дереу жоғарыға қарай көтеріп, шығарып бердім. Баланың періштесі сақтады десе де болады. Өйткені шұңқырдың ішінде болған кезде менің өзіме ауа жетпей, тұншығып қалдым. Бұл оқиғаға ұзақ уақыт болса да сол кездер әлі көз алдымда. Осы оқиғадан кейін ол балаға халық Амангелді есімін берген болатын. Қазір әлі күнге дейін бірге араласып, кездесіп тұрамыз. Болашақта кішкентай Амангелді үлкен, батыр азамат болып шығарына сенемін, - дейді кішкентай Амангелдіге өмір сыйлаған полиция майоры.

 

Бейбіт күнде батырлығы мен батылдығын танытқан полиция қызметкері бүгінде отбасының қорғаны, екі қыз және бір ұлдың әкесі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости