RSS лента

Қазақстан полициясы күні: Кримминалистің құпиясы

  • 17.06.2024, 16:18,
  • 339
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Криминалист Жәрдем Тағаев полиция қызметінің қиындықтырымен бөлісті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Криминалист – оқиға орнынан дәлелдемелерді жинайды, зерттейді, тергеу барысында қылмыскерді анықтайды. Ол дәлел мен дәйекті фотосуретке түсіріп, түрлі ізге түседі. Алынған іздер базаға енгізіледі. Ондағы мәліметтерге салыстырмалы тексеру жүргізіледі. Мәселен, саусақ іздері бір адам мен екіншісімен сәйкес келмейді. Әлемде миллионнан бірінің ғана ұқсастығы табылуы мүмкін. Сол себепті, жазаның бұлтартпастығы мінсіз дәлелдемелерге негізделуі тиіс. Бұл криминалисттерге жүктелген үлкен жауапкершілік. Криминалистсіз бірде-бір тергеу басталмайды, оқиға орнына келгенге дейін ешкімнің қылмыс болған жерде қозғалуға немесе ештеңені ұстауға құқығы жоқ.

 

Криминалист Жәрдем Тағаев - Атырау облысы полиция департаменті жедел-криминалистика басқармасының криминалисті, полиция майоры. Осы саланың білікті маманы. Ол 2009 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде құқықтану мамандығын тәмамдап, Ішкі істер органдарына 2011 жылы қызметке кіріскен. Бірнеше алғысхаттармен марапатталған. ҚР ІІМ-нің бұйрығымен ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалінің иегері. ІІО қатарындағы қызметін Атырау қаласында анықтаушы лауазымында бастаған.

 

– Біздің сала қызметі қашанда қарбаласқа толы. Сол қым-қуыт жұмыс барысында әрбір іске жауапкершілік қажет. Әрбір істің артында адам тағдыры тұр. Жансақ басуға әсте болмайды, - дейді полиция майоры.

 

Айта өтейік, Атырау облысы ПД Жедел-криминалистикалық қызметі жыл басынан бері 800-ге жуық оқиға орнын зерттеуге маман ретінде қатысқан. Демек, адам тағдырына қатысты кез-келген қылмыстық іс криминалисттің қырағы назарынан тыс қалмайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости