RSS лента

Әйелі мен қайын апасын жалаңаш күйде видеоға түсірген

  • 08.06.2024, 10:11,
  • 751
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Апелляция бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен өзінше билік етуге кінәлі тұлғаға қатысты сот үкімі жәбірленушінің шағымы бойынша қайта қаралды. Бұл туралы Атырау соттарының баспасөз қызметі мәлім етті.

 

Сотталған қорқыту жасауда (ҚК-тің 115-бабы), тұрғынжайға қол сұғылмаушылықты бұзуда (ҚК 149-бабы 2-бөлігі) оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты кінәсіз деп танылып, ақталды.

 

Ол өзінше билік еткені үшін кінәлі деп танылып (ҚК-тің 389-бабының 3-бөлігі), 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

 

Сотталған мен жәбірленушінің арасындағы заңды неке бұзылып, ортақ некедегі 5 кәмелетке толмаған балалар анасының қамқорлығында қалған.

 

Неке бұзылғаннан кейін ер адам түнде бұрынғы жұбайы тұрып жатырған әпкесінің үйінің ауласына заңсыз кіріп, жуынатын бөлменің терезесі арқылы олардың жалаңаш бейнелерін бейнежазбаға түсірген.

 

Келесі күні ол бұрынғы жұбайын нотариусқа шақырып, ол жерде одан ортақ үй құнының бір бөлігін беру туралы қолхат жазуды талап еткен, ал бас тартқан жағдайда түсірілген бейнені интернет желісінде таратамын деп қорқытқан. Жәбірленушіні қолхат жазуға мәжбүрлеп, өзінше билік еткен.

 

Бірінші сатыдағы сот тағайындаған жаза сотталғанның жеке басына, істің мән-жайларына және жасалған құқық бұзушылықтар әрекеттеріне сәйкес келмейді.

 

Алқа отырысында жәбірленуші құқық қорғау органдарының өзіне және оның балаларына жақындамау туралы бұйрығына қарамастан, сотталғанның үкім шығарылғаннан кейін де оған тыныштық бермегенін айтып көрсетті. Тергеу барысында және үкім шығарылғаннан кейін де ол өзіне қарсы заңсыз әрекеттер жасап, жүрген жерінде оны бағып жүретінін, балағаттайтынын айтты.

 

Бұдан басқа, қазіргі уақытта ішкі істер органдарымен сотталғанға қатысты баласын өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу бойынша қылмыстық істің тергеліп жатырғаны анықталды.

 

Баяндалғандарды ескере отырып, үкім өзгертілді: ҚК-тің 389-бабының 3-бөлігі бойынша сотталған азамат 1,5 жылға нақты бас бостандығынан айырылды. Ол сот залынан дереу қамауға алынды.

 

Жәбірленушінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости