«ҚазАқпарат» мәлім еткендей, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжановтың айтуынша, Starlink интернетін пилоттық жоба ретінде іске қосу жоспарланып отыр.
– Тиісті өтінім берілді, енді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің растауын күтіп отырмыз. Жыл соңына қарай пилоттық режимде іске қосамыз деп ойлаймын, – деді Жәнібек Тайжанов аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы 2024 жылдың екінші жартысында «Тальго» пойыздарында бейнебақылау орнатылатынын тілге тиек етті. Айта кетейік, елімізде әйелдерге арналған пойыздар саны артады.