«Шын мәнінде, біз биыл олардың жалақысын 50 пайызға көтереміз. Екіншіден, қызметкерлерді ынталандырудың тиісті жүйесі бар. Мәселен, call-орталықтың бір қызметкері 100 өтінім, ал екіншісі 10 өтінім бойынша қызмет көрсетуі мүмкін. Осы орайда күніне 100 өтінімді қабылдаған адам басқаларына қарағанда 50% немесе 100% жоғары жалақы алады» деді министр.
Осы орайда ол Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері арасында қарастырылған өтінімдер саны бойынша ынталандыру жүйесі бар екенін де тілге тиек етті.