Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, 20 мамырдан бастап Павлодар — Қалбатау, Бейнеу — Ақжігіт, Орал — Самара, Павлодар — Омск, Орал — Саратов тас жолдарында 21 «Zerek-2» аппараттық-бағдарламалық кешені штаттық режимде жұмыс істеп бастады. Камера жылдамдық асырған жүргізуші туралы ақпаратты әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне жібереді. Бір жыл бұрын дәл осындай бейнебақылау жүйесі Шымкент — Қызылорда, Шымкент — Өзбекстан шекарасы, Шымкент — Тараз, Тараз — Қайнар, Қонаев — Талдықорған және Астана — Павлодар тас жолдарында іске қосылған болатын. Айта кету керек, мәжілісмендер полицияға көліктің орташа жылдамдығын анықтауға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер жобасын екінші оқылымда қабылдады.