RSS лента

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларын талдайтын топ құрылуы мүмкін

  • 03.10.2023, 17:44,
  • 226
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында көлік министрінің міндетін атқарушы Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Баяндамашы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін мемлекеттік органдар тарапынан қабылданып жатқан жүйелі шаралар туралы хабардар етті.

 

Т.Ластаевтың айтуынша, соңғы жылдары республика автожолдарының авариялық-қауіпті учаскелерінде 5 мың шаршы метрден астам шу жолақтары, 450-ге жуық жарықдиодты белгі және кедергілерге соғылудан қорғайтын 500 жол буфері орнатылған.

 

Жануарларға байланысты орын алатын көлік апаттарын азайту үшін 1,5 мың шақырымға жуық қоршау орнатылды. Жаяу жүргіншілерді елді мекендер маңындағы соққылардан қорғау үшін 52 айналма жол салынып, жаяу жүргіншілерге арналған 32 жер үсті көпірі салынды.

 

Автомобильдердің қарсы соқтығысуын болдырмау мақсатында 3 мың км республикалық жол I техникалық санатқа ауыстырылып, бөлу жолақтары мен тосқауылдарды орнату арқылы қайта жаңартылды. Сондай-ақ салынып жатқан жол учаскелеріндегі айналма жолдардағы апаттылықты азайту үшін бөлек жол салу жөніндегі талап нормативтік тұрғыдан бекітілген.

 

Жол саласының нормативтік базасын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру тұрғысынан автожолдарды жобалау, салу, жөндеу және реконструкциялауды регламенттейтін мыңнан астам құжат бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

    «Бүгінгі таңда жүргізушілер жылдамдық режимін бұзғаны үшін 8 учаскеде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл «Астана-Щучинск», «Щучинск-Көкшетау», «Астана-Павлодар», «Қонаев-Талдықорған», «Шымкент-Ташкент», «Шымкент-Қызылорда», «Шымкент-Тараз» және «Тараз-Қайнар» жолдары. Жылдың соңына дейін интеграция бойынша жұмыстар тағы 10 учаскеде жүргізіледі. Атап айтқанда, «Павлодар-Қалбатау», «Павлодар-Омбы», «Көкшетау-Петропавл», «Орал-Самара», «Орал-Саратов», «Бейнеу-Ақжігіт», «Ақтөбе-Орынбор», «Қостанай-Троицк», «Ақтау-Бейнеу» және «Қызылорда-Қарабұтақ», – деді Т.Ластаев.

 

Сондай-ақ Т. Ластаев атқарушы жолдардағы апаттылық пен өлім-жітімді азайтуға жәрдемдесетін жаңа жүйелі шаралар туралы айтып берді. Бұл ретте Көлік министрлігінің жол-көлік апаттарын талдау және республиканың әрбір өңірінде жедел шаралар қабылдау үшін ведомствоаралық топтар құру ұсынылып отыр. Сараптамалық топтардың құрамына Бас көлік прокуратурасының аумақтық бөлімшелерінің, ІІМ, ТЖМ, «Қазавтожол» АҚ филиалдарының және басқа да уәкілетті ұйымдардың өкілдерін қосу жоспарланған.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости