RSS лента

«Air Astana» су басқан аймақтардан рейс көптігін мәлімдеді

Автор фото: ашық дереккөз

«Air Astana» Атыраудан ұшатын рейстерде эконом-кластағы орындардың басым бөлігін жолаушылар екі апта бұрын сатып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Air Astana тобы Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларына 9 сәуір мен 19 сәуір аралығында қосымша 40 рейс ұйымдастырды. Тұрақты рейстермен бірге жалпы 100-ден астам рейс орындалады. Алайда, су басқан аймақтардан ұшатын рейстерге сұраныстың өсуіне байланысты эконом-кластағы әуебилеттер тапшы. Осыған байланысты Air Astana тобы қосымша рейстерді ұйымдастыруды жалғастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

 

Әлеуметтік желілерде бұл бағыттардағы билет бағасының қымбаттағаны туралы скриншоттар таралуда. Әуекомпания бір жаққа 100 000 теңгеден басталатын билеттер көрсетілген скриншоттарда бизнес-класс билеттері немесе Ыстанбұл/ Франкфурт арқылы ұшатын рейстер ұсынылғанын ескеруіңізді сұрайды. Әуекомпания мұндай скриншоттарды жариялау компанияның беделін түсіруге бағытталған деп санайды. Әуекомпанияның басшылығы және қызметкерлері қосымша рейстер мен гуманитарлық көмекті тегін тасымалдауды ұйымдастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Сондай-ақ, әуекомпания су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 1 млрд теңге аударып, қызметкерлер арасында гуманитарлық көмек жинауды ұйымдастырды.

 

Әуекомпанияның сайтынан Атыраудан немесе Қазақстанның басқа қалаларынан тікелей рейстерге эконом-класс билеттерін таппаған жолаушыларды басқа күндерді таңдауды  немесе әуекомпанияның Брондау және ақпарат орталығына хабарласуды сұраймыз» делінген хабарламада. 

Оставить комментарий
Последние новости
Все новости