Әуекомпанияның мәліметінше, осы айда рейстер сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады. 1 қарашадан бастап ұшулар сәрсенбі және сенбі күндері, ал желтоқсаннан бастап қосымша дүйсенбі күндері орындалады.
Бұл бағыт бойынша 166 орны бар Airbus A321 LR жайлы әуе кемелері қатынайды. Ұшу ұзақтығы – 6 сағат 50 минут, қайтатын рейс ұзақтығы - 5 сағат 45 минут.
Сервистік алымнан басқа барлық алымдарды қосқанда эконом-кластағы авиабилеттердің ең төменгі құны 325 631 теңге, бизнес-класта – 764 784 теңге.
Жидда қаласы қасиетті Мекке қаласына қақпа ретінде белгілі. Жиддадан Меккеге әуежайдан тікелей жүрдек пойызбен 30 минутта жетуге болады.