RSS лента

«Дели – Алматы – Дели» бағыты бойынша тікелей рейс ашылады

  • 22.08.2023, 15:06,
  • 320
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: pixabay.com/thepixelman

IndiGo ірі үнді авиакомпаниясы «Дели – Алматы – Дели» тікелей рейсін іске қосады, деп хабарлайды Turantimes.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Осы бағыт бойынша рейстер қыркүйек айының соңында басталады және аптасына 3 рет орындалады.


Аталған рейс Үндістандағы 75-тен астам бағытқа, сондай-ақ Азияның ірі қалаларына рейстерді орындайтын авиакомпания үшін 32-ші Халықаралық тікелей байланыс саналады. Сондай-ақ, авиакомпанияның Еуропа мен Солтүстік Америкада өзінің серіктестік кодтары арқылы үлкен желісі бар.


Биылғы жылы IndiGo компаниясы Skytrax ұсынған «Үндістан мен Оңтүстік Азиядағы үздік бюджеттік авиакомпания» сыйлығының қатарынан 13-ші рет иегері атанды.


«Жаңа тікелей рейстерді іске қосу бойынша келіссөздер шетелдік авиакомпаниялармен үнемі жүргізіліп тұрады. Атап айтқанда, соңғы уақытта Катар, Египет және Қытайға ұшу жиілігі артты. Шетелдік компаниялар Қазақстанға үлкен қызығушылық танытуда. Мысалы, осы жазда Оманның Salam Air авиакомпаниясы «Алматы – Маскат» бағыты бойынша, аптасына 2 рет жиілікпен рейсті іске қосты», - деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости