Тасқыннан зардап шеккендер қайда хабарласады?
- 15.04.2024, 16:41,
- 397
- 0
- Автор:
Turantimes.kz
Автор фото: ru.freepik.com
ОКҚ алаңында ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Сейтжан Кенжеғұл су тасқынынан зардап шеккендер көмек сұрап, хабарласа алатын байланыс деректері мен мекен жайларды айтты деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
«Төтенше жағдайлар кезінде халықтың әлеуметтік осал топтары қиындыққа тап болады. Сіздер Омбудсменнің жобалық кеңсесіне жүгіне аласыздар», – деді спикер.
Омбудсменнің байланыс деректері:
Телефоны: +7 702 282 61 83
Электрондық поштасы: upolnomochennyysusn.2024@gmail.com.