620 жылғы құжат Синай түбегіндегі монастырлардың бірінен табылған екен. Мәтінді бекіткен мөр де сақталған. Бұл видео рас па? Мұны stopfake.kz анықтап көрді.
Ағылшын тіліндегі «Википедияда» Мұхаммед Аштинамы туралы мақала бар. Оның суреті видеода көрсетілгенге ұқсайды. Аштинам парсы тілінен аударғанда «Татуласу хаты» дегенді білдіреді. Яғни, мұсылмандарға арналған христиан дінін ұстанушыларға қалай қарау керектігі туралы өсиет (ұйғарым). Бұл хат Әулие Екатерина монастырындағы монахтарға жазылған деген болжам бар.
Видеода Мұхаммедтің айтқан аманаты көп. Мысалы, егер мұсылман мен христиан қосылатын болса, онда ол оның келісімін сұрауға міндетті. Мұсылмандар жақын ба, алыс па, қай жерде жүрсе де, христиандарды қорғауы керек. Ағылшын тіліндегі аудармада да осындай ойлар айтылған. Джон Эндрю Морроу олардың аудармасын «Мұхаммед Пайғамбардың христиандармен келісімі» атты кітабында жариялаған.
Мұхаммед Аштинамының түпнұсқасы қайда екені белгісіз. Мәтіннің көшірмесі ғана бар. Кейбіреулері ол Әулие Екатеринаның кітапханасында сақталуда дейді. Олардың тарихи құндылығын кейбір ислам қайраткерлері мойындаған. Бірақ Интернетте Мұхаммедтің Аштинамына жасалған сілтемелердің көпшілігі америкалық профессор Джон Эндрю Морроумен байланысты.
Зерттеуші хаттағы әрбір элементті мұқият талдайды. Келісім элементтері басқа мұсылман дереккөздерінде де кездеседі. Морроудың айтуынша, түпнұсқасы Осман мұрағаттарында сақталуда. Бірақ бұған ешқандай дәлел жоқ.
Демек, табиғатта Мұхаммед пайғамбардың христиандармен келісімінің түпнұсқасы жоқ. Сондықтан оның бар екенін растау да, жоққа шығару да мүмкін емес.