RSS лента

Қазақстандық зейнеткерге шейх ұсыныс жасады

  • 13.12.2022, 17:59,
  • 1 110
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stan.kz

Зейнеткер әйел шейхтен Абу-Дабиге шақырту алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қырғызстандық зейнеткер мен оның отбасын шейх екі аптаға Абу-Дабиге алып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстан сайтына сілтеме жасап. Шейх әжеге аспазына  қаттама нанын пісіруді үйретуін өтінген. Мұны қырғызстандық блогер Әділет Ноғойбаев TikTok-та жариялады. Әже Ыстықкөлге барар жолдағы Суық суда қаттама пісіреді.

 

"Абу-Дабиден келген шейхтер Лира әже мен оның әпкелерін Абу-Дабиде екі апта демалуға және аспаздарға шеберлік сабағын өткізуге шақырды. Біздің қаттама оларға қаншалықты ұнағанын көріңізсеңіздер!" – деді блогер.

 

Патша отбасымен Суық суға тоқтаған. Онда олар қаттаманың дәмін көріп, оны құшырлана жеген. Делегация қайтар жолда да сол жерде тоқтады.

 

"БАӘ-нің ең ықпалды кәсіпкерлерінің бірі Мұхаммед мырза шейх достарына тосын сый жасау үшін Лира әжені отбасымен шақырды. Екі апта бойғы демалыс шығынын Мұхаммед мырза жабады. Сондай-ақ,  аспаздарға қаттама жасауды үйреткені үшін  сыйақы беріледі. Қырғыз қаттамасы басқа елдерді танылады. Қырғызстаннан келген әженің қарапайым тарихы", – делінген видеода.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости