[media=https://t.me/anticovidvakcina_kazahstan/33893]
Роликте «Терминатор: Генезис» фильмінен үзінді көрсетілген, бұл 2015 жылы шыққан фантастикалық экшн-фильмнің 5-ші бөлімі. Фильмнің кейіпкерлері Джон Коннордың жағдайын талқылайды. Т-800 (Арнольд Шварцнегер) «Скайнет (жасанды интеллект жүйесі) адамдарға «барынша жұмыс істеу үшін жасушалық деңгейде тінді қайта құрылымдайтын» нанороботтары бар зат енгізгенін айтады.
Авторлар Терминатор сипаттаған процестен вакцинацияның салдары туралы болжамды және вакциналарда нанороботтар бар деген кеңінен тараған қастандық теорияны байқайды. Бұл жалған.
Т-800 Джон Коннордың қазіргі күйі магнит өрісімен байланысатынын айтқан кезде 5G бағаналарының суреті көрсетіледі. Бұл да қастандық теорияларын жақтаушылардың пайымдарының бірі, яғни, екпе салдырған адамдарды жаңа байланыс технологиясының көмегімен басқаратын болады. Бұл миф те жоққа шығарылды.
Қорытынды: авторлар фантастикалық фильмнің үзіндісін танымал қастандық теорияларын тарату үшін қолданған.