RSS лента

Адамдардан мәңгілік өмірді жасырып жүр ме?

Автор фото: ашық дереккөз

Желіде қызықты видео тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Telegram-да кез келген ауруды дәрі-дәрмексіз және операциясыз емдеуге, тіпті дене мүшелерін қалпына келтіре алатын технологиялар туралы ерекше видео тарады. Оны шын деп санауға бола ма? Мұны stopfake.kz анықтап көрді...

 

Видеода технологияны Петр Гаряев ойлап тапқан делінген. Ол – ДНҚ молекуласы ақпаратты белгілі бір толқын түрінде жібереді, ал ұялы байланыс бағаналары вирустар мен дәрі-дәрмек тарата алады деген толқындық геномның псевдо ғылыми теориясының авторы. Бірқатар себептерге байланысты ғалымдар мұндай теорияны қабылдамады, олардың бастысы – дәлелдердің мүлдем болмауы және айтылған тезистердің күмәнді болуы. Мысалы, Горяев ДНҚ молекуласынан қандай толқындар «шығатынын» анықтай алмады. Ол акустикалық, оптикалық және тіпті іс жүзінде жоқ торсионды толқындар жайлы айтты.


Видеода Петр Гаряев туралы бірде-бір айтылмаған. Камера алдында уфологтар мен конспирологтар арасында танымал америкалық «жұлдыз» Рэнди Крамер сөз сөйлейді. Крамер АҚШ-тың арнайы күштерінің құрамында Марста 20 жыл болғанын айтады. Онда өзгеғаламшарлықтармен шайқасқан екен. Сонымен қатар ол науқастар жатқанда сауығып кететін медициналық кереуеттер туралы айтады. Бұл кереуеттер сау жасушаларды ауру жасушаларға проекциялайды. Крамердің айтуынша, өзғаламшарлықтармен шайқастан кейін өзі де осындай төсекте жатып емделген, тіпті бірнеше рет қолдарын қайта өсірген.


Рэнди Крамер өз әңгімелеріне қандай да бір дәлелдер келтірмеген. Оны әшкерелеумен айналысатын Желі қолданушылары Крамердің АҚШ Қарулы күштерінде қызмет еткені, онда жоғары лауазымды атқаратыны және жиырма жыл басқа планетада болғаны туралы деректер жоқ екенін атап көрсетеді. 


Айта-кетейік, Марс – Жерге салыстырмалы түрде жақын орналасқан. Онда бірнеше рет ұшқышсыз кемелер ұшырылып, Марс ландшафтының суреттерін жасалып, әртүрлі өлшеулер жүргізілген. Қызыл планетаны телескоптармен және әртүрлі марсоходтармен де бақылайды.


Ғаламшарды бақылау тарихында бірде-бір рет адамдар мен өзгеғаламшарлықтар арасындағы соғысты айтпағанда, тіршіліктің белгілері де байқалмаған.


Демек, Крамердің сөздері «Жұлдызды соғыстар» дастаны секілді ойдан шығарылған. Онда да ғаламдағы әртүрлі өркениеттер туралы айтылады және дәлелсіз.


Яғни, аяқ-қолды өсіретін керемет кереуеттер туралы әңгімелер жалған ғалымның псевдо ғылыми теориясына негізделіп ойдан шығарылған.

Оставить комментарий
Последние новости
     
ЭКОНОМИКА
25.04.2415:54
Доллар вновь подорожал  
   
Все новости