RSS лента

«Бекет ата» кітабы ағылшын тілінде сөйледі!

  • 02.10.2021, 14:30,
  • 460
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ХХІ ғасырдағы университеттердің үшінші миссиясы – қоғам дамуына ықпал ету, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Студенттерге білім беріп, ғылым негіздерін меңгертіп қана қоймай, сын-қатерлерге қарсы тұра алатын, қоғамға креативті идея әкелетін нақты жобаларды іске асыру маңызды.

 

Атырауда «Бекет ата» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасы жарық көрді. Бекет атаның ұрпағы Ислам қажы Мырзабекұлының 40 жылдан астам уақытын арнап шығарған кітабы бұған дейін журналист Гүлжан Елешованың аударуымен орыс тілінде жарық көрген болатын. Кітап «Анега Қазақстан»  компаниясының демеушілігімен жарыққа шығып отыр.      

 

Пір Бекеттің туған жері – Жылыой ауданындағы Ақмешіт еліміздегі «Киелі жерлер географиясына» енген. «Болашақ» бағдарламасының түлектері қасиетті атаның туған жеріне деген құрмет ретінде «Бекет ата» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасын дайындап, Ұлыбритания елінің редакторларында сараптан өткізілді.

Оставить комментарий
Последние новости