RSS лента

Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді

  • 26.02.2024, 14:47,
  • 282
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы бүгін, 2024 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтындағы сот кеңсесінен белгілі болды.

2024 жылғы 26 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күдіктілер Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс келіп түскенін хабарлады. 
Бишімбаевқа адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.
Байжановқа аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.
Судья істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені 5 тәуліктен кешіктірмей шешеді делінген сот бапасөзінін хабарламасында. 
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости