Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаровтың айтуынша, Toyota жол талғамайтын көлігін басқарған 51 жастағы жүргізуші Аманжолов көшесімен келе жатқан. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүру бөлігін белгіленген жерде кесіп өткен 12 жасар оқушыға соққы жасады. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан медициналық мекемеде қайтыс болды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.