"Бізде 8 бассейн инспекциясы бар. Оның ішінде бесеуі ОҚО орналасқан. Осы мәселені шешу үшін міндетті түрде көрші мемлекеттермен келіссөз өткіземіз. Барлық мемлекеттермен су бөлу мәселесі Кеңес Одағынан бері бекітілген. Егемендік алған соң да бірнеше келіссөзге қол қойылды. Бекітілген су бөлу нормативтерін қолданамыз деген шешімге келдік. Сондықтан бұл мәселе тек келіссөздер арқылы жүргізіледі. Былтыр бұл жұмыстарды бастадық, биыл жалғастырамыз", - деді министр.