RSS лента

Путин өзінің "сыңарымен" сөйлесті

  • 15.12.2023, 20:32,
  • 596
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Ресей президенті Владимир Путин жылды қорытындылап, конференция өткізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 


 

Жиын барысында оған жасанды интеллект арқылы сұрақ қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кровавая барыня Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Жасанды интеллект арқылы Путиннің сыңарын жасап шыққан Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің студенті президентке жасанды интеллектен қорқу керек пе деген сұрақ қойды.

 

Ресей басшысы әуелі студенттің әрекетіне жауап берді.

 

"Сен маған ұқсайсың және менің дауысыммен сөйлей аласың. Бірақ мен сияқты адам жалғыз. Бұл мен. Айтпақшы, менде сыңар жоқ. Жасанды интеллектен қорқу керек пе деген сауалға келер болсақ. Иіс сезе алатын және танымдық қабілеті жоғары интеллектің дамуын тоқтату мүмкін емес. Демек, біз жетекшілік етуіміз керек. Ядролық қарудың қауіпті екенін түсінген кезде келіссөздер жүргізе бастадық. Жасанды интеллектпен де солай болады", - деді Путин.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости