Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі мәлім етті. Бұған дейін бірқатар британдық басылымдарда және ресейлік әлеуметтік желілерде Ресей президентінің жүрегі тоқтап қалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ, БАҚ Кремльдегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Путиннің денсаулығында басқа да проблемалар бар екенін хабарлады.
Бүгін Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы бұл қауесеттерді жоққа шығарып, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
"Владимир Путиннің жүрегінде ешқандай сырқат жоқ. Жағдайы жақсы" деді Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.