Кремльдің электронды хаттарына сәйкес, Ресей президенті қатерлі ісікке шалдығып, соның кесірінен беті ісіп, есте сақтау қабілеті төмендеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап. Кремльдің барлау құжаттары сыртқа таралып кеткен. 70 жастағы Ресей президенті Владимир Путин ұйқы безінің қатерлі ісігімен ауыратыны, сонымен қатар, Паркинсон ауруының алғашқы сатысы анықталған.Ол емдеуші дәрігерлер тобының бақылауында.
Ресейлік барлау қауымдастығындағы дереккөздер Путинде қуық асты безі обыры болуы мүмкін деп мәлімдейді.
"Оған Паркинсон ауруының ерте сатысы диагнозы қойылды, бірақ ауруы күн санап дамып келеді", — деді Ресейдің барлау агенттіктерінің инсайдері.
Ұйқы безінің қатерлі ісігі асқынып кетпеуі үшін президент үнемі ауыр стероидтар мен инновациялық ауырсынуды басатын дәрілер қабылдайды. Өкініштісі, бұл дәрілер ағзаға жанама әсер беріп, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне әкеледі.
Кремль өкілдері Ресей мемлекеті басшысының бұл ауруларын жоққа шығарып, оның сау екенін айтады.
Бұған дейін БАҚ құралдары Путиннің жиі жөтелетінін жазып, ресейлік элиталар мұны денсаулығының тез нашарлауының белгісі деп санайтынын мәлімдеді.
Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Ден Хоффман Ресей президентінен денсаулығының нашарлау белгілерін көрмейтінін айтты.