RSS лента

Ресей мен Украина бетпе-бет жүздесе ме?

  • 28.03.2022, 03:49,
  • 547
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөз 29-30 наурыз күндері өтетін болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Осы жолы тараптар бетпе-бет жүздеседі деп келісілді. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский өзінің Telegram-каналында хабарлады. Украина делегациясын бастаған Давид Арахамия әлеуметтік желіде шараның Түркияда өтетінін мәлім етті. Айта кетейік, бұған дейін Түркияда Ресей мен Украинаның сыртқы істер министрлері кездескен болатын.


«Алда кезекті келіссөз өтеді. Біз бейбіт өмірді қалаймыз. Украинаның егемендігі мен жер тұтастығына еш күмән жоқ. Мемелекетіміз үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кепілдік керек. Біздің мақсатымыз айқын. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнағанын көздейміз», – дейді Украина президенті Владимир Зеленский.


Еске сала кетейік, екі ел арасындағы алғашқы келіссөз ақпанның 28-і Беларусь аймағында өткен болатын. Шара 5 сағатқа созылған. Кейін тағы екі рет өткен келіссіөз онлайн форматта ұйымдастырылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости