RSS лента

Такси жүргізушілеріне салық салу туралы қаржы вице-министрі айтты

  • 09.01.2024, 16:43,
  • 370
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/12138562o-12138562

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов енгізіліп жатқан жаңа тәртіп шеңберінде қазақстандық такси жүргізушілеріне салық салу туралы Үкіметте өткен брифингте жауап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz 

«Бүгінде елімізде такси жүргізушілері үшін арнайы салық режимі қарастырылған. Заң талаптарына сәйкес, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мобилді қосымша арқылы 1% табыс салығын төлеуі керек. Олар онлайн режимінде тіркеле алады, бұл үшін барлық мүмкіндіктер көзделген.

Жаңа талаптар аясында агенттердің рөліне баса мән беру қажет деп санаймыз. Мысалы, операторды салық төлеуші ретінде қарастыру ұсынылады. Яғни, егер такси жүргізушісі онымен жұмыс істесе, онда оператор соған сәйкес салық төлейді.


Бұл әзірленіп жатқан Салық кодексінің нормаларына енгізіледі деп ойлаймыз, қазір бұл мәселе бизнес өкілдерімен талқыланып жатыр. Әзірге такси жүргізушілері үшін ұялы байланыс операторы арқылы және патентке сәйкес 1% салық төлеуге толық мүмкіндігі бар», - деді вице-министр. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости