RSS лента

Жаңа Салық кодексі қандай болады?

  • 23.11.2023, 02:43,
  • 317
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы талқыланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында заң жобасында салықтық әкімшілендіруге баса назар аудару жоспарланып отыр. Қазыналық органдар мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа сервистік моделін енгізу қарастырылып отыр. Есептілік қысқартылып, салықтық бақылау жеңілдетіліп, барлық процесс цифрландырылмақ.

 

Елде түсінікті және болжауға болатын қазыналық саясатты қалыптастыру үшін барлық жаңа тәсіл мен жоспарланған өзгеріс салық саясатының тиісті тұжырымдамасында көрініс табатын болады. Кодекстің өзін Қолданысқа енгізу туралы жеке заңсыз қабылдау ұсынылады.

 

Экономика секторларына байланысты сараланған салық мөлшерлемелерін енгізу бойынша заң жобасының тұжырымдамалық мәселелерін пысықтау жалғасуда. Мұндай өзгерістердің қажеттілігін ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ басқа да баяндамаларында бірнеше рет атап өткен.

 

Отырысты қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, Салық кодексі жобасының мәселелерін одан әрі зерделеуді тапсырды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости