RSS лента

Дәрігерлер құтқара алмады...

  • 13.11.2023, 17:23,
  • 3 082
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаевтың неден қайтқаны белгілі болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ratel.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Ratel басылымының мәліметінше 9:28-де Болат Назарбаевтың жүрегі тоқтап қалған. Дегенмен дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады. 

 

Ақпаратты растау үшін Алматы қаласы Орталық клиникалық ауруханаға хабарласып көрдік. Аурухананың баспасөз қызметі Болат Назарбаевтың туыстары бұл туралы мәлімет бермеуді тапсырған. Ал экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай қоңырауға жауап бермеді. 

 

Еске салайық, бұған дейін экс-президенттің інісі ауыр жағдайды ауруханаға түскені туралы хабарлаған едік. Ақпарат бойынша, Болат Назарбаев 3 қараша, жұма күні кешке миокард инфарктінің қайталануы деген диагнозбен орталық қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізілген. Қазіргі уақытта Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр және тұрақсыз, бүйрек жеткіліксіздігі көрсеткіштерінің нашарлауы байқалады. 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости