«Жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге бүгінгі тестінің қорытындысы бойынша індет анықталған жоқ. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөлетін болады» деп жазды Үкібай Twitter-де.
Еске сала кетсек, 18 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталған еді. Кейін баспасөз хашысы оның өзін жақсы сезінетінін хабарлады.
Видео