RSS лента

Болат Назарбаев дүниеден өтті

  • 13.11.2023, 11:01,
  • 385
  • 0
  • Автор:
Автор фото: saliqaly.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің қайтыс болғаны туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметкері Айдос Үкібай жазды, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Болат Назарбаев 1953 жылдың 23 наурызында дүниеге келген. "Механик" мамандығы бойынша Шамалғанның ауылшаруашылық техникумын, кейін "Құқықтану, заңгер" мамандығы бойынша Қарағандының "Фемида" заң институтын бітірген. 


Еңбек жолын Үштөбе маңындағы ауылда жүргізуші болып бастаған. Шамалған кеңшарының механизаторы, директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1988-1989 жылдары Қаскелең нан комбинанты директорының орынбсары, 1989-1992 жылдары мал терісін сату саласындағы кәсіпте болған. 1992-1997 жылдар аралығында "Іңкәр Агро" ЖШС вице-президенті, 1997 жылдан бастап "BN Invest" холдингінің директоры қызметінде болды. 


2016 жылы қиын өмір жағдайына тап болған балаларға арналған "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорын ашқан. 


Естеріңізге салайық, осы айдың басында БАҚ Болат Назарбаевтың ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған еді.


		
		 	
		 
		 
		 	
		 
		
	
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости