RSS лента

Блефаропластика жасатамын деп комаға түсті

Автор фото: ашық дереккөз

Ресейде әйел қабағын түзету үшін пластикалық ота жасатып, есін жоғалтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Baza Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 36 жастағы Елена Пятигорск қалалық клиникалық ауруханасында блефаропластика жасатқан. Ол сәуір айында келіп, барлық қажетті анализ талдамаларын жасатып, денсаулығында отаға қарсы көрсетілімдер жоқ екенін анықтаған. 24 сәуірде ота жасайты кезде дәрігерлер бұл процедура екі сағатқа созылатынын түсіндірген. Жарты сағаттан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлаған. Оның қанның оттегімен қанығу деңгейі төмендеп, анафилактикалық шок басталып, жүрегі тоқтап қалды. Құжаттар бойынша дәрігерлер реанимациялық шаралар өткізіп, блефаропластиканы жалғастыра берген.

 

Еленаның туыстарына дәрігерлер ештеңе болған жоқ деп сендірген. Денесінде құрысуларға байланысты дәрі-дәрмек комасына жатқызылғанын және көп ұзамай есін жиятынын айтқан. Бірақ Елена өз-өзіне келген жоқ.

 

Елена бірінші дәрежелі комаға түскен. Қазір түтіктің көмегімен дем алып, тамақтанады. Миы белсенді емес.

 

Еленаның туыстары бұған Пятигорск дәрігерлерін кінәлайды. Олардың айтуынша, ота жасаған пластикалық хирург Нина Сафонова мұның бәрін реанимациялық әрекеттерге жауапты анестезиолог-реаниматолог Наталья Чисманидиге ысырып қойған. Ал реаниматолог байланыс аясынан тыс жерде, хабарсыз кеткен.

 

Әйелдің отбасы Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігіне және тергеу комитетіне жүгінді. Іс әлі тексеру сатысында.

 

Оставить комментарий
Последние новости