Атыраудан Алматыға бет алған «Тальго» жүрдек пойызындағы жолаушыларды неліктен Ақтөбе облысының Шалқар стансасында түсіргенін
– №41 «Атырау-Алматы-2» пойызы 28 қазан күні техникалық вагондағы қондырғының істен шығуы себепті Шалқар стансасына қайтарылды. Жолаушыларға теміржол бекетінде тегін ыстық тамақ берілді. Пойыздағы техникалық ақауды ретке келтіру жұмыстарына компания мамандары жұмылдырылды. Жолаушыларға 8 вагоннан тұратын арнайы құрам жеткізілді, - делінген ресми хабарламада.