«Біздің азаматтардың көпшілігінде байланыс бар, бірақ елшілігіміздің өкілдеріне әрбір қоңырау шалу олардан үлкен сома шығып отыр. Өйткені олар роуминг арқылы сөйлесетіндіктен және көпшілігінің мұндай соманы төлеуге мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар сол аймақта роумингі бар операторлармен бәрі бірдей байланыса алмайды. Сондықтан Хаттама секілді өзгеше бірқатар шаралар әзірлеу қажет. Оған өзара нақты алгоритмі бар әртүрлі министрліктер тартылуы тиіс», - деді сенатор.
Депутат Ниязова осыған байланысты біздің азаматтарымызды роумингте қолдау мүмкіндігін ұйымдастыруды ұсынды. Бұл мәселені телефон және басқа да байланыстарды қамтамасыз ететін компаниялармен пысықтау керектігін айтты.