RSS лента

Қазақстанда ауруларды ерте анықтау күшейтілді

  • 06.10.2023, 03:09,
  • 153
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Үш жылдың ішінде консультациялық-диагностикалық көмек 7 есе өскен, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл Мелекет басшысының Денсаулық сақтау саласы мекеелерінің жарақтандырылуын жетілдіру туралы тапсырмасын орындау нәтижесінде мүкін болды. Бұл туралы ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында сала басшысы Ажар Ғиният мәлім етті.

 

Министрдің мәліеті бойынша,  ағымдағы жылдың 6 айында 200 млн астам консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілген. Заманауи КТ қызметтерінің қолжетімділігі 9 есе, МРТ – 6 есе өсті.

 

«Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі қайта қаралды. Енді 50 адамға дейінгі ауылдарда медициналық көмекті мейіргер көрсетеді, ал 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерінің саны бір адамнан үшке дейін ұлғайтылды. Жалпы практика дәрігеріне қабылдаудың кезектілігін төмендету үшін мейіргерлік қабылдау функциялары кеңейтілді», - деді А.Ғиният.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости