Министрдің айтуынша, республика бойынша МСАК шеңберінде 5617 нысан көмек көрсетеді.
Денсаулық сақтаудың осы бағыттағы жұмысы аумақтық қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, отбасылық қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылған.
Ол үшін учаскелік дәрігер, 3 орта медицина қызметкері, әлеуметтік қызметкер және психолог кіретін учаскелік көпсалалы командалар құрылды.
Соңғы 3 жылда елімізде МСАК-ты нығайту бойынша бірқатар шаралар іске асырылды. Мәселен, амбулаториялық деңгейдегі қаржыландыру өсті, консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту 7 есеге, қымбат КТ қызметтерінің қолжетімділігі 9 есеге, МРТ – 6 есеге ұлғайды.
Сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі қайта қаралды. Атап айтқанда, кемінде 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерінің саны бір адамнан үшке дейін ұлғайтылды.