Қаракөзованың айтуынша, 13 наурызда Кәсіподақтар федерациясының кеңсесінде QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлерінің кәсіптік одағы төрағасының жаңа кеңесшісі таныстырылды. Ол Елжан Біртанов.
Елжан Біртанов 2017 жылдан 2020 жылға дейін денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. Коронавирустық пандемия кезінде ауырып, отставкаға кетті.
2020 жылдың қараша айында Біртановтың қамауға алынғаны белгілі болды. Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі Біртановқа қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ысырап етті деген күдік бойынша қылмыстық іс қозғады. 2022 жылдың 28 қазанына дейін бірнеше рет ұзартылған үй қамағында болған еді.