RSS лента

Қазақстан байдарка мен каноэде есуден алтын алды!

  • 02.10.2023, 10:54,
  • 195
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: ҚР туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасының мүшелері Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов жұбы 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алса, Шмелева Ольга мен Подойникова Ирина Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

Ерлер командасының әкелген жеңісі Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен төртінші алтын медаль.


"Тимур мен Сергейді жеңісімен құттықтаймын! Күрес қиын болды, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерден озып үлгерді. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздерді мақтан тұтады!"- деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости