Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Солтүстік Ирландия командаларының арасындағы футбол матчында ұлттық құрамамызды қолдау үшін «Астана Арена» стадионына келді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. Кездесу футболдан Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтті. Ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Президент ұлттық құраманы жарқын жеңісімен құттықтады. Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жылы лебізін білдіріп, елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты. Ол шабуылшы Максим Самородовтың Солтүстік Ирландия қақпасына соққан голын жоғары бағалады.
Құрама капитаны Асхат Тағыберген көрсеткен қолдауы үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, команда атынан доп сыйлады.