RSS лента

Қазақстан Азиадада алғашқы алтын медальға қол жеткізді!

  • 27.09.2023, 10:25,
  • 199
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: ҚР туризм және спорт министрлігі

Әйелдер командасы стенд ату жарысында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Turantimes.kz

Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина чемпион атанды.


Айта кетейік, отандық мергендер бірінші орынға ие болып қана қоймай, жалпы 350 балл жинап, Азиада рекордын орнатты. Олар Қытай (348 ұпай) және Таиланд (342 ұпай) командаларынан озып кетті.


"Қыздарды осы тарихи жеңіспен құттықтаймын! Алтын медальдан басқа, біздің спортшылар да жаңадан жарыс рекордын орнатты, бұл жеңісті одан да әсерлі етеді. Естеріңізге сала кетейін, Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогында біздің құрама бірінші жалпы командалық орынға ие болған. Бүгін бүкіл Азия бұл табыстың кездейсоқ емес екенін түсінді", - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Оставить комментарий
Последние новости