Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі бесінші бейресми "Үлкен Дулыға" болып саналатын турнирде жеңіске жетті. Шешуші матчта ол Беларусь теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды Қазақстан теннис Федерациясы.
Елена мансабында алғаш рет WTA 1000 сериялы турнирде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық болды. Жалпы, Рыбакина мансаптағы төртінші жеке титулына ие болды (2023 WTA 1000 Индиан-Уэллс, 2022 Grand Slam Wimbledon, 2020 WTA 250 Хобарт және 2019 WTA Бухарест). Индиан-Уэллстегі жеңістің арқасында Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы 1 262 220 доллар жүлде, 1000 рейтингтік ұпай жинады және жаңартылған әйелдер әлемдік рейтингінде 7 орынға көтеріледі.