RSS лента

Кипр іздеуде жүрген адамдарды Қазақстанға қайтарады

  • 27.09.2023, 12:15,
  • 237
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Қазақстан мен Кипр арасындағы ұстап беру туралы шартқа 2022 жылы қол қойылған, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста құжатты ратификациялады. Шарт екі елдің қылмыспен күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады.


Тараптар мемлекеттің құзыретті органдары іздестіріп жатқан, өз аумағындағы кез келген адамды ұстап беруге міндеттенеді. Мақсат – қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе ұстап беруге әкеп соқтырған қылмыстар бойынша заңды күшіне енген сот үкімін орындау.

Келісім өз азаматтарын ұстап беру, берілген адамдарды алдын ала қамауға алу, заттар мен құжаттарды алу және беру мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости