RSS лента

«Көкем қасыма жатып, түнімен жаман нәрселер жасайды»

  • 21.09.2023, 00:46,
  • 799
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Былтыр «Немолчиkz» қорының басшысы Дина Таңсәрі қордың ресми парақшасында сұмдық оқиғамен бөліскен болатын, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Еске сала кетсек, атыраулық әйел бірінші отбасынан қалған жеті жасар ұлына күйеуінің ағасы сексуалдық зорлық жасағанын айтып полицияға шағымданған болатын.

 

Оған дейін әйел тіпті жүкті кезінде де және кесір тілігінен соң да өзінің күйеуі мен оның туыстарынан таяқ жеген. Амалы таусылған ол өзіне өзі қол жұмсамақ та болған, абырой болғанда дәрігерлер ажалдан арашалап алған. Ауруханадан шыққан соң да ол соққыға жығылған. Осының бәрін көрген ұлы анасы үшін алаңдап, өзіне қатысты жағдайды жасырып, ешкімге тіс жармаған. Ақыры анасы бәрін біліп, баласымен бірге үйден қашып кеткен. Сөйтіп, мән-жайдың бәрін полицияға хабарлаған.

 

Кейін күдікті қамауға алынған болатын. Биыл қаңтарда қылмыстық із қозғалды. Онсыз да әбден ығыры шыққан балаға 10 сот ісі тағайындалып, 200 сұраққа жауап алынды. Ал, сот отырыстарының бірінде бүлдіршін есінен танып құлаған. Қорғаушылар оған бір күнде 50 сауал қойған кездер де болыпты.

 

Енді бұл іс ақыры жабылып тынғаны белігілі болып отыр. Полиция департаментіндегілер мұны жәбірленушінің айтқан сөздерінің расталмағандығымен түсіндіреді.

 

«Аталған іс бойынша учаскелік полицейге қатаң сөгіс жарияланды. Себебі, ол қажетті құжаттарды дер кезінде жинақтамаған» дейді департаменттегілер.

 

Айта кетейік, 2017 жылдан бастап Қазақстанда заңнаманың қатайтылғанына қарамастан кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық өсуде. Ресми ranking.kz мәліметіне сүйенсек, жылына мұндай 800-ге жуық жағдай тіркеледі. Зардап шеккен жасөспірімдер мен балаларға сот жақтаса бермейді. Соңғы сегіз жылда судьялар бес істің екеуінде ғана кәмелетке толмаған жәбірленушілердің жағына шыққан.

 

Биыл тамызда Павлодарда полицейлер 16 жастағы қызды топтасып зорлап, өзін-өзі өлтіруге итермеледі деген үш күдіктіні ұстады. Оқиғадан кейін бойжеткен 10-қабаттағы терезеден секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған, — дейді «НеМолчиKZ» қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Дина Таңсәрі. Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінен кейін жәбірленушіге төрт операция жасалған. Оның омыртқасы сынып, ішкі мүшелері тесіліп, қабыну процесі басталып, соның салдарынан бойжеткеннің көру қабілеті мен есте сақтау қабілеті тез жоғалған.

 

Бұл 2022 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында болған кәмелетке толмағандарға қатысты 601 зорлық-зомбылық оқиғаларының бірі ғана. Бұл тек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген істер ғана. Қазақстанда жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі өз деңгейінде көтерілмейтіні белгілі.

 

Human Rights Watch ұйымы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты зерттей отырып, Қазақстан билігі зорлық-зомбылықтың алдын алуды тиісті деңгейде жүргізбейтінін және кінәлілерді жауапкершілікке тартпайтынын анықтады. Зорлық-зомбылық құрбандарының айтуынша, полиция оларды өз сөздерінен бас тартуға және қиянат жасағандармен татуласуға жиі шақырады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости