RSS лента

Жеті рет тұрмыс құрып, жеңгетайлықпен айналысқан...

  • 15.11.2022, 00:01,
  • 2 346
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Сирияға "халифат құруға" кеткен қазақстандық әйел өз оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сирияға “халифат құру” мақсатында кеткен ақтөбелік 35 жастағы Ақмарал Алмағамбетова сол жақта бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Бұл туралы “Время” газетіне сілтеме жасай отырып Stan.kz мәлім етті. 2013 жылдың жазында қазақстандық әйел Ақтөбеден Алматыға жұмыс істеймін деген сылтаумен кетіп қалған. Шын мәнінде ол жұбайы мен балаларын тастап, Қырғызстан арқылы Сирияға қашып кетеді. Ақмарал үш баласын күйеуіне қалдырған. Ол кезде үлкені 9 жаста, ал кішісі бір жасар еді.

 

Оның қашу әрекеттеріне күйеуі Мирболат Жаманқұлов та себепші болуы мүмкін, бірақ ол әлі күнге дейін белгісіз. Ол Сирияда ДАИШ-ке (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) кіріп, жұбайынан қашан келетінін сұрап, оны жиі шақырған. Мирболат оған жауап бермейді. Қазақстандағы жұбайы келмегендіктен, ол Сирияда тұрмысқа шығады.

 

Сириялық жұбайы жарылыс кезінде қаза тапқасын, Ақмарал сол жақта бірнеше мәрте тұрмыс құрады. Екі күйеуі жарылыстан мерт болса, екеуінен өзі қашып кеткен.

 

2019 жылы Алмағамбетованың "таза қоғам" құру жөніндегі жоспарларының күл-талқаны шықты. Сол жылдың жазында оны шетелде туған екі баласымен "Жусан-2" арнайы операциясы аясында Қазақстанға алып келді. Ақмаралдың өзі ДАИШ-те одан әрі қала алмайтынын түсініп, еліне қайтаруды өтінген. Осылайша, 26 жасында шет ел асқан әйел 32 жасында Қазақстанға оралады.

 

Ақтөбеде оған терроризм мен экстремизмді насихаттау, террористік топтың қызметіне қатысу, сондай-ақ, діни алауыздық тудырды деген айып тағылды. Әйел бірден кінәсін мойындап, оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстандағы балалары бұрынғы күйеуімен қалды, ал Сирияда босанған ұлы мен қызы мемлекет қамқорлығына берілді.

 

Әйелдер колониясында осы жылдар ішінде ақтөбелік әйелмен теологтар мен психологтар қарқынды жұмыс істеді. Мамандардың еңбегі оң нәтиже берді. Сотталған әйел өз қателіктерін түсініп, оқиғасын бүкпесіз айтты.

 

Кейін Ақмарал Сирияда алты жыл ішінде жеті рет тұрмысқа шығып, Умм әл-Бара деген есіммен жүргенін айтты. Ол өзінің “мінсіз қоғамында” жеңгетайлықпен айналысқан. Өзінің айтуы бойынша, ол содырлардың тән қажеттіліктерін қанағаттандыратын әйелдердің міндеттерін бөліп жүрген. Егер оның бақылауындағы әйелдер жамағатының біреуі қарсылық көрсетсе, ол ДАИШ өкілдерін шақырып,  бағынбаған әйелдерді қатаң жазалатқан.

 

Сирияда қазақстандық ДАИШ-тықтардың арасында беделді Әбу Даудтың (астраханьдық Арсен Измайылов) отбасымен тығыз байланыста болады. Олар ағасы Ханифамен (шын аты Шамиль) жұптасып, бүкіл әлем бойынша мыңдаған адамдарға экстремистік идеологияны жұқтырды.

 

“Бұл вирус сияқты, мен өзімнің қателескенімді байқамай қалдым. Қоғам алдында, туыстарымның мен балаларымның алдында өзімді кінәлі санаймын”, – дейді Ақмарал.

 

Сириядан келген әйелге қазір ешкім келмейді, барлық туысы одан бас тартқан. Бірақ мамандар онымен жұмыс істеуді жалғастыруда, олар әйелден “өзін-өзі таппаған әйел” синдромын анықтады.

 

Әбу Дауд та қамауға алынды. Таяу Шығыстағы ДАИШ содыры да өзінің теріс жолда болғанын мойындап, оның ислам дініне еш қатысы жоқ екенін, ал Сирия мұнайын бақылау және контрабанда үшін террористік топ қажет болғанын ашып айтты.

 

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің мәліметінше, террористік аймақтардан елге 189 әйел қайтарылып, олардың 181-і оңалған.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости