14 қыркүйекте Алматы облысы Іле аудандық ПБ-ға Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен әйел мен оның 2 кәмелетке толмаған (8-сыныпта оқитын қыз бала мен 2-сыныпқа көшкен ұл баланының) баласының денелері табылғандығы туралы ақпарат келіп түскен.
Күдікті ұсталды. Полиция мәліметінше, ол - 1982 жылғы Алматы тұрғыны.
«Аталған дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы («Екі немесе одан да көп адамды өлтіру») және 99-бабы 3-бөлігі («Жас баланы өлтіру») бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.