RSS лента

Боранбаев қылмысын мойындағандықтан 6 жылға сотталуы мүмкін

  • 15.09.2023, 13:25,
  • 494
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Бүгін Астана қаласының сотында Боранбаев пен басқа сотталушылардың ісі бойынша аппеляциялық сатыда процестік келісім жасалды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. 



Осы жылдың 22 тамызында апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау барысында сотталушылар кінәсін мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат берген болатын.


Бүгін Астана қаласының прокуратурасы Қ. Боранбаевпен және басқа сотталушылармен «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ақшалай қаражатын иемденіп (ҚК 189-бабының 4-бөлігі) және оларды заңдастыруға (ҚК 218-бабының 3-бөлігі) қатысты ісі бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасады.


Сотталушылар кінәларын толық мойындауын және 14,5 млрд. теңгенің залалын өтегенін ескеріп, жәбірленуші тараптардың келісімімен қала прокуратурасы процестік келісім жасау туралы шешім қабылдады.


Прокурор аға әділет кеңесшісі Шөкебаев пен сотталушылар Қ. Боранбаев, Р. Наханов, Т. Жанұзақ арасында екінші жағынан адвокаттардың, «ҚазМұнайГаз» АҚ өкілдерінің қатысуымен Ұлттық Кодекстің 613,617-баптарында көзделген талаптарды сақтай отырып процестік келісім жасалғанын мәлімдеді.


Келісім шарттары бойынша сотталушылар жасаған қылмыстарын мойындағандықтан Қ. Боранбаев пен Р. Нахановтың мүлкі тәркіленіп, әрқайсына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолданса, ал Т. Жанұзақты 5 жыл бас бостандығынан айыра отырып,  үшеуі де мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасының тағайындалуымен келісті.


Оған қоса, сотталушылар азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын жазалауға ұшыраған жоқ; кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімін өз еркімен жасады және оның құқықтық салдарын мойындаған. Жәбірленуші кінәсін мойындау жөніндегі іс жүргізу келісімін жасасуға келісім береді және Боранбаевқа, Нахановқа және Жанұзаққа наразылығы жоқ екенін айтты.


Өз кезегінде Боранбаевты, Нахановты және Жанұзақты қорғау жағы іс жүргізу келісімі заң талаптарына сәйкес жасалғанын мәлімдеді. Әрі іс жүргізу келісімі барлық сотталушылармен сот талқылауы барысында жасалғандықтан, келісу ісінде қарауды сұрады.


Естеріңізге сала кетейік, тергеу шеңберінде жалпы құны 90 миллиард теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақүй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданған.

 

Сонымен қатар Қайрат Боранбаев білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 миллиард теңге аударды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости