RSS лента

«Домбыра шерту, беташар жасау, келіннің сәлем салуы – харам»

  • 13.09.2023, 16:12,
  • 396
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөздер

Ерлан Қошанов «Домбыра - харам» деп жүргендер ғасырлар бойы қолынан домбырасын тастамаған бабаларымызды «күнәхар» қылғаны. Теріс діни ағымда жүрген азаматтар заң алдында жауап береді, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай орта мектептерде ән-күй сабағында домбыра аспабын үйретуді оқу бағдарламасына енгізуді ұсынды. Осы орайда ол Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенованың атына депутаттық сауал жолдады. 


«Қоғам арасында халқымыздың арда болмысын ардақтайтын домбыра аспабына деген шабуылдар, ұлттық дүниетанымымызға жат қауіпті пікірлер көбейіп жатыр. Әсіресе, діни жат ағымдардың жетегінде кеткен кейбір ел азаматтары жұртты адастыратын теріс пікір таратуда. Домбыраға тиісу – ұлтқа тіл тигізу, төлтума мәдениетімізді қорлау, өткен тарихымыз бен бүгінімізге көлеңке түсіру. Азаттығымның, қазақтығымның бойтұмарындай қасиетті домбыраға тіл тигізуге, қорлауға жол бермейік, армен де, заңмен де қорғай білейік» - деді депутат.

 

Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұл мәселе орынды көтеріліп жатқанын айтты. «Домбыра - харам» деп жүргендер ғасырлар бойы қолынан домбырасын тастамаған бабаларымызды «күнәхар» қылғаны. Халықты адастыруға жол бермеуіміз керек. Теріс діни ағымда жүрген, Конституциямызға қайшы әрекет етіп жүрген азаматтарға заң жүзінде тыйым салынады» - деді. 


Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде «домбыра шерту, беташар жасау, келіннің сәлем салуы – харам» деген мағынада айтылған пікірлер қызу қоғамдық талқыға түсті. Бұған қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, «әлеуметтік желі қолданушыларын «домбыра шерту, беташар жасау, сәлем салу - харам» деген мағынада біржақтама, негізсіз пікір айтып, халық арасында түсінбеушілік тудырмауға үндеп, ұлттық құндылықтарға қарсы келу дұрыс емес екенін мәлімдеді.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости