Мәжілістің пленарлы отырысында жаңадан сайланған депутаттар ант бергеннен кейін, халық қалаулылары төменгі палатаның спикерін сайлады.
Мәжіліс төрағалығына бір ғана кандидатура – Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Ерлан Қошанов ұсынылды. Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы төменгі палата төрағасын сайлады.
Жаңадан сайланған 98 депутат Ерлан Қошановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.