Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда Президенттің Жарлығымен 2023 жылғы 19 наурызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалды. Мәжіліс депутаттарын сайлаумен қатар барлық деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық) мәслихаттар депутаттарын сайлау өтуде.
Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов өз дауыстарын беріп үлгерді.