Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда партия көшбасшылары арасында алғашқылардың бірі болып Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов дауыс берді.
Оған қоса Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы Асхат Рахымжанов, "Ақ жол" партиясының көшбасшысы Азат Перуашев, "Baytaq" жасылдар партиясының басшысы Азаматхан Әміртай, "Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаевтар дауыс берді.
Әзірге Қазақстан халық партиясы мен "Respublica" партияларының басшылары дауыс беріп үлгермеген.